Петропавлда Қазақ ұлттық өнер университетінің өңірлік өкілдігі ашылды

Бүгін, 19:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Петропавлда Қазақ ұлттық өнер университетінің өңірлік өкілдігі ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Петропавл қаласында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің тоғыз білім беру бағдарламасы бойынша 97 студент оқуын бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл – университеттің елімізде ашылған тұңғыш өңірлік өкілдігі. Бастама Үкіметтің өңірлерде шығармашылық білім беруді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлесуімен ашылды.

Білім беру бағдарламалары театр, музыка, бейнелеу өнері, кино және телевизия салаларын қамтиды. Студенттер актерлік шеберлік, вокал, дәстүрлі музыка өнері, халық аспаптары, эстрада өнері, кескіндеме, көркем фильм режиссурасы және басқа да бағыттар бойынша кәсіби білім алады.

«Жаңа білім беру жобасы Солтүстік Қазақстан облысының өнерге бейім жастарына өз өңірінде кәсіби білім алып, шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірде білікті мамандар даярлауға және мәдениет саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірлерде шығармашылық білім беруді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте жас дарындардың талабын ұштап, шығармашылық қабілетін дамытуға басымдық беріледі.

Еске салсақ, «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды.