09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Перизат Қайраттың Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жабылды

|
Photo: Фото: instagram.com/01pk
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Перизат Қайраттың Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жабылды

|
Photo: Фото: instagram.com/01pk

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс материалдарына сәйкес, осы заңды тұлғаны бастапқы мемлекеттік тіркеу 2021 жылғы 11 қазанда өткізілді. Бірлестіктің құрылтайшылары – 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған.

«Заңды тұлға Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес – заңды тұлғаны құруға (қайта тіркеуге) қатысы жоқ заңды тұлғаны басшысын және (немесе) құрылтайшысын (қатысушысын) көрсете отырып тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаны тарату (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады. Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады», - делінген ауданаралық экономикалық сот үкімінде.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Перизат Қайрат мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗