Педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері үш есеге азайды

Педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері үш есеге азайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан кейінгі соңғы алты жылда педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері үш есеге азайды. Бұзушылықтардың басым бөлігі заң қабылданған алғашқы жылдары тіркелген, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«2020-2022 жылдары 111 бұзушылық деректері ресми түрде тіркелсе, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 38-ге дейін азайған. Педагогке құрметсіздік таныту, оның ішінде масс-медиа мен әлеуметтік желілер арқылы ар-намысына тию фактілері бойынша аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері тарапынан оқушылардың ата-аналарына 12 әкімшілік іс қозғалды. Бұл шаралар педагогтің заңмен қорғалатын мәртебесінің нақты іске асырылып жатқанын көрсетеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.