«Отбасы банк» тұрғындардың дербес деректерін жаңарту тәртібін түсіндірді
7 қазан, 2025
Фото: Freepik.com
«Отбасы банк» бірыңғай республикалық кезекте тұрған азаматтарға арналған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді рәсімдеудің нұсқаулығын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:
• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.
• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.
• 3Құпия сөзді енгізіп, кіруді растаңыз.
• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.
• Мәтінмен танысып, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:05
«1 мың пәтер ойнатылады»: Жалған акция туралы ескерту жасалды
Бүгін, 09:45
2027 жылы елімізде 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады
19 тамыз, 2026
Көлік жолда бұзылса кім көмектеседі - «ҚазАвтоЖол» жаңа сервисті іске қосты
19 тамыз, 2026
Сән әлемін мойындатқан жігіт Ұлттық ұланда қызмет етіп жүр