Орталық сайлау комиссиясы 86 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы 86 халықаралық байқаушыны аккредиттеді
Фото: Elordainfo.kz

Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылауға 86 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға халықаралық байқау институты ашылған сәттен бастап Орталық сайлау комиссиясы 8 шет мемлекеттен және 5 халықаралық ұйымнан 76 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша, бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 86 адам», делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, Құрылтай сайлауындағы негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды.