Оқушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысты

Бүгін, 13:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Оқушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елдегі мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» деп аталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті.

Сонымен қатар заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, елордада ЖОО студенттеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді.