Олжас Бектенов мемлекеттік аппарат пен басшыларға қойылатын талаптарды айтты

Бүгін, 13:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олжас Бектенов мемлекеттік аппарат пен басшыларға қойылатын талаптарды айтты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды жеделдету және мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Әріптестер, биыл наурыз айында 2026 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жиында біз экономиканың өсу резервтерін ынталандыруға бағытталған тиісті шараларды мақұлдадық.

Алайда кейбір мәселелер созылып кетті.

Бұл «Бәйтерек» холдингін капиталдандыруға және тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы жөніндегі шараларға қатысты», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Басым салаларда қосылған құнды арттыратын инвестициялық жобаларды пысықтау жеткіліксіз екеніне назар аударылды.

«Экономиканың басым салаларында қосылған құнды арттыратын инвестициялық жобаларды анықтау жұмысының да тиімділігі төмен.

Осы сұрақтардың бәрін жедел шешу керек.

Әрбір басшыға салалар бойынша өсудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапкершілік жүктелген. осыны тағы да естеріңізге саламын», - деп атап өтті Премьер-министр.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды жаңа жағдайларға сай өзгертуге баса назар аударылды.

«Конституцияның қабылдануымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл орайда, мемлекеттік аппаратқа, бірінші кезекте басшыларға жаңа талаптар қойылады.

Әрбір басшы өзінің жұмыс тәсіліне де, өзіне де түбегейлі жаңаша көзқараспен қарауға тиіс. Ол Мемлекет басшысы айқындаған жаңа талаптарға, жаңғырудың жаңа жалпыұлттық күн тәртібіне сәйкес келе ме?

Әрбір басшыдан нақты нәтиже болуға тиіс. Бұны естен шығармаңыздар», - деп атап өтті Премьер-министр.

Еске сала кетейік, Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды.