Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

Бүгін, 12:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.

Еске сала кетейік, елімізде үш жүзден астам өндірістік робот жұмыс істейді.