Нотариуспен бейнеқоңырау арқылы байланысып, үйден сенімхат рәсімдеуге болады - вице-министр

Бүгін, 17:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Нотариуспен бейнеқоңырау арқылы байланысып, үйден сенімхат рәсімдеуге болады - вице-министр
Фото: freepik.com

Цифрлық нотариат – Әділет министрлігінің азаматтарға үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ нотариуспен бейнеқоңырау арқылы байланысып, сенімхат рәсімдеуге мүмкіндік беретін жобасы. Аталған жүйе арқылы осы күнге дейін 800 мыңнан астам сенімхат берілген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Азаматтар тарапынан бірде-бір шағым түскен жоқ, сот істері немесе қандай да бір проблемалық жағдайлар болған жоқ. Бұл жоба уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ вице-министр «Цифрлық сот орындаушысы» роботының жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, бұл құрал азаматтарға 3-4 млрд теңге көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкіндік берген.

Еске салайық, бұған дейін елімізде бір айдың ішінде 700-дей адам ХҚКО-да цифрлық сауаттылығын арттырғаны туралы жаздық.