07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Арзан автонесие»: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желіде тараған жалған ақпарат туралы мәлімдеме жасады

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Арзан автонесие»: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желіде тараған жалған ақпарат туралы мәлімдеме жасады

|
Photo: Фото: freepik.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗