Референдум-2026

Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деген уәдеге сенген ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды

Бүгін, 10:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деген уәдеге сенген ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды
Фото: Magnific.соm

Ақтөбе тұрғынының мұнай компаниясына кіріп, мол табыс деген ойы жүзеге аспай, керісінше, алаяққа алданып шығынға ұшырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нәтижесінде 38 жастағы жігіт танысының өзін мұнай компаниясына жүргізуші болып жұмысқа орналастыруға уәде бергенін айтып, полицияға жүгінді. «Қызметі» үшін күдікті алдын ала 400 мың теңге алған.

Алайда арада бірнеше ай өтсе де, жұмыс та жоқ, шақырту да болмады. Осылайша тұрғынның үміті үзілетін уақыт та келді. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 48 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - дейді полиция өкілдері.