Министрлік желіде тараған қаңтар айының зейнетақысы мерзімінен бұрын төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Министрлік желіде тараған қаңтар айының зейнетақысы мерзімінен бұрын төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

«Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады», - деп мәлімдеді ведомство. 

Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді.

Министрлік, сондай-ақ, азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұрайды.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сену сұралады. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.