Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану тәртібін жариялады

5 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану тәртібін жариялады
фото: Оңалхан Өнерхан

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесі енгізілді, ол азаматтарға жеке табыс салығы сомасын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісін айқындау кезінде бірқатар салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы.
Қандай шегерім түрлері қарастырылған:
1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;
2) базалық салықтық шегерім;
3) әлеуметтік салықтық шегерімдер;
Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерімі – әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды қамтиды.
Базалық салықтық шегерім – әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылатын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды. Жылдық мәнде мұндай шегерімнің мөлшері 360 АЕК-тен аспауға тиіс.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер:
– І–ІІ топ мүгедектігі бар адамдарға – жылына 5 000 АЕК.
– ІІІ топ мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, соғысқа қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға – 882 АЕК.
– Мүгедектігі бар балаға немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамға қамқорлық жасайтын ата-анаға (қорғаншыға), сондай-ақ асырап алушыларға – 882 АЕК.
Шектеулер: салықтық шегерімдер тиісті білім беру, медициналық ұйымдар, халыққа әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жұмыс қатынастары себепті қамқоршылықтағы және попечительдіктегі тұлғаларға және асырап алынған баланың ата-анасымен некеге тұрған тұлғаларға қолданылмайды.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады. 
Шегерімдерді қолдану тәртібі:
– салық агенті (жұмыс беруші) арқылы;
–  салық агентінде қолданбаған кезде салықтық шегерімдерді өзі дербес қолданады..
Астана қаласы МКД еске салады, салықтық шегерімдерді қолдану тек растайтын құжаттардың болуы және заңнамада белгіленген қолдану тәртібін сақтау кезінде мүмкін.
Толығырақ ақпарат - 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз