Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын құттықтады
23 ақпан, 2026
Фото: shaiba.kz
Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордағы сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.
Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
29 шілде, 2026
Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
29 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесті
29 шілде, 2026
Астанада 34 елдің спортшылары «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде бақ сынайды
29 шілде, 2026
«Болашақ ойындары – 2026» ашылуы мерекелік концертпен өрнектелді