Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
11 ақпан, 2025
фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
5 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент өкілеттіктерін бекітті
4 қыркүйек, 2026
Президент министрге мәдениет пен креативті индустрияны дамытуды тапсырды
3 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит Бірлескен мәлімдеме қабылдады
3 қыркүйек, 2026
Лаос Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты