03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мектеп бағдарламасына ұлттық құндылық пәні енгізілуі мүмкін бе – министр жауабы

|
Photo: Видеодан алынған скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мектеп бағдарламасына ұлттық құндылық пәні енгізілуі мүмкін бе – министр жауабы

|
Photo: Видеодан алынған скрин

Мәжілістің жалпы отырысында мектеп бағдарламасына қатысты мәселе көтерген депутат Болат Керімбек оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға «алдағы уақытта ұлттық құндылықтарға негізделген арнайы пән енгізіле ме?» деген сұрақ қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алматы, Жетісу облыстарының тұрғындарымен кездесу кезінде ата-аналар мен педагогтер мектеп бағдарламасының мазмұны мен күрделілігіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Дәлірек айтсақ, бастауыш және орта сыныптардағы оқу жүктемесі оқушылардың жас ерекшелігі мен танымдық мүмкіндігіне көп жағдайда сай келмейтінін айтты. Бұл – әдістемелік емес, ұлттық білім саясатының сапасы мен әділдігін айқындайтын стратегиялық мәселе. Сонымен қатар қоғамда мектеп бағдарламасына ұлттық құндылықтарға негізделген арнайы пән енгізу бастамасы жиі көтеріліп жүр. Бұл – жас ұрпақтың бойында отаншылдық пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жалпы, білім беру бағдарламасында оқушылардың жас ерекшелігіне бейімдеу және оқу жүктемесін оңтайландыруға қатысты қандай жұмыстар іске асырылып жатыр? Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарға негізделген арнайы пән енгізіле ме?», - деді Болат Керімбек.  

Депутаттың сауалына жауап берген оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бекітілгенін тілге тиек етіп, қазіргі таңда бұл апробациядан өтіп жатқанын атап өтті.

«Апробация нәтижесі желтоқсанның аяғында белгілі болады. Содан кейін білім бағдарламаларын бекіту жұмыстарын бастаймыз. Иә, қоғамда бастауыштағы математиканың мазмұнына байланысты сұрақтар бар. Ол сұрақтар өте орынды деп санаймыз. Сонымен бірге лингвистикалық пәндердің, жаратылыстану пәндерінің мазмұнына байланысты бірқатар орынды ұсыныс келіп түсуде. Сараптамалық құраммен, сонымен қатар осы саланың әдіскерлерімен бұл жұмысты тағы да талқылаймыз. Бүгінде математика мен геометрияны біріктіру мәселесі тұр. Оны да талқылап жатырмыз. Одан бөлек, физика, химия, биологияны біріктіріп, жаратылыстану ғылымдары деп енгізу мәселесіне қатысты өзімнің көзқарасымды өткен аптадағы әкімдер форумында айтқан болатынмын. Сондықтан бұл фундаменталды пәндердің бөлек оқытылуына байланысты өз ұсынысымызды дайындап жатырмыз. Ал ұлттық құндылықты бөлек пәннің аясында шектеу мүмкін емес. Оқу процесі кезінде бұл барлық пәннің мазмұнында болуы қажет. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айқындаған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Біз барлық пәннің мазмұнына құндылықтарды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жалпы, «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Еңбек адамы», «Таза Қазақстан» идеяларына бағытталып жатыр. Сондықтан осы жұмысты әрі қарай жүйелі түрде жалғастырамыз», - деді оқу-ағарту министрі.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова орталық атқарушы органдармен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралатынын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗