Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова Қазақстан әйелдеріне жалақысы мен әлеуметтік кепілдіктері сақтала отырып, қысқартылған жұмыс аптасын заңмен бекітуді ұсынды. Бұл бастама Еңбек кодексіне өзгеріс енгізу арқылы жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Депутаттың айтуынша, қазақстандық әйелдер күн сайын орта есеппен 8 сағаттан астам уақытын ақылы жұмысқа, ал тағы 4 сағатқа жуық уақытын отбасылық күтімге жұмсайды. Бұл — 13 сағаттық күнделікті жүктеме деген сөз. Сағындықованың пікірінше, мұндай ауырлық әйелдердің денсаулығына, психологиялық күйіне және отбасылық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Бұлар:
-Балалар мен науқас туыстарды күтіп, жұмыс істейтін әйелдерге қысқартылған жұмыс аптасын енгізу;
-Ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына және ауыр науқастарды күтіп отырғандарға икемді немесе ыңғайлы кесте беру;
-Пилоттық жоба арқылы бұл жүйенің денсаулыққа, өнімділікке және отбасылық өмірге әсерін бағалау.
Сағындықова Исландия, Франция, Испания және Ұлыбритания тәжірибесін мысалға келтіріп, жұмыс уақытын қысқарту күйзелісті 40%-ға дейін азайтып, еңбек өнімділігіне кері әсер етпейтінін атап өтті.
Бастама әйелдердің өмір сапасын арттыруға және отбасылық институттарды нығайтуға бағытталған.