Мал ұрлығына қарсы операция: полиция төрт қылмыстық топтың жолын кесті
14 қараша, 2025
Polisia.kz
ІІМ мал ұрлығына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп, бұл бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қараша айында Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында криминалдық полиция қызметкерлерінің мақсатты іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топтың жолы кесілді.
Күдіктілер қараусыз жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан.
Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал басы тәркіленді, қылмыскерлер қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды