«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды
13 қаңтар, 2025
Фото: Маңғыстау облысының прокуратурасынан
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінен өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Компания ағын суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдығын жинауға байланысты заң бұзушылықтар жіберген», - деп жазылған хабарламада.
Соттың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға лас заттар шамадан тыс шығарылғаны да анықталды.
Бұл дерек бойынша компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды
13 тамыз, 2026
Даркнеттегі қазақстандықтардың дербес деректері: ІІМ істі ерекше бақылауға алды