LST Agro ұжымы алдағы референдумды қолдайды

6 наурыз, 2026
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
LST Agro ұжымы алдағы референдумды қолдайды
Коллаж: Elordainfo.kz

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген LST Agro компаниясының ұжымы алдағы референдумды ел болашағына әсер ететін маңызды қадам деп бағалап, жаңа Конституцияны қабылдау туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

LST Agro кәсіпорны өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда компанияда 150-ден астам маман еңбек етеді.

Кәсіпорын ұжымы алдағы референдумды мемлекет дамуы үшін маңызды кезең деп санайды. Олардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын уақытта әр азаматтың белсенді қатысуы ерекше маңызға ие.

Осыған байланысты LST Agro ұжымы жаңа Конституцияны қабылдау туралы ұсынысты қолдайтынын білдірді. Ұжым мүшелері уақыт талабына сай қоғам мен мемлекеттің дамуы заңнаманың да жаңаруын қажет ететінін атап өтті.

Компания қызметкерлерінің пікірінше, әділеттілік, тұрақтылық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған өзгерістер елдің одан әрі дамуына берік негіз болмақ.