Референдум-2026

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

20 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.

Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында өтеді.