«Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Астана Тазалық» ЖШС-нің 50-ден астам қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қолданыстағы заңнама мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында қызметкерлерге азаматтық, сақтандыру, әлеуметтік және еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Дәріс интерактивті форматта өтті: ұжым өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
