Көлік министрлігінде жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер талқыланды

Бүгін, 10:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Көлік министрлігінде жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер талқыланды
Коллаж: Elordainfo.kz

Көлік министрлігінде жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған кеңес пен семинар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиын барысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев конституциялық өзгерістер еліміздің әлеуетін азаматтардың игілігіне тиімді пайдалануға, өмір сүру сапасын арттыруға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте көлік саласына айрықша рөл жүктелетіні айтылды.

Көлік саласы азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер етіп, көлік қолжетімділігін, қауіпсіздікті және өңірлердің дамуын қамтамасыз етеді.

Конституциялық реформалар аясында ғылым мен инновацияларды дамытуға да ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттар көлік саласының дамуына да өз ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар министрдің тапсырмасына сәйкес министрлік қызметкерлері үшін жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары мен қағидаттарын түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырылды. Әрбір қызметкер конституциялық реформаларды іске асырудағы өз рөлін нақты түсініп, олардың практикалық жүзеге асырылуына үлес қосуы тиіс екені атап өтілді.

Көлік министрлігі азаматтардың мүддесі үшін және ел инфрақұрылымын нығайту мақсатында қауіпсіз, қолжетімді және заманауи көлік жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастыра береді.