Ақпараттық жүйеден ескі үш салық есептілігі нысаны өшіріледі
Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігін өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі мен Салық төлеушінің ескі кабинетінің толық өшірілуіне байланысты 6 сәуірден бастап келесі үш салық есептілігі нысанын толық өшіру жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Комитеттің мәлімдеуінше, жойылатын салық есептілігінің нысандары::
- Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация;
- Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация;
- Патент құны есебі.
Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесіндегі Салық төлеушінің жаңа кабинетіне мына сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады.
Айта кетерлігі, салық есептілігінің нысандарын толтыру «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.
Еске сала кетсек. Үкіметте жаңа салық нормаларын қолдану мәселесі қаралды.