14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен

Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль иеленді. Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жеке сында топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Финалда ол Мысыр спортшысы Омар Мұхаммед Ассарды 4:1 есебімен ұтып, 2024 жылғы Олимпиададағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды. Парижде өткен Олимпиада ойындарының 1/8 финалында Герасименко алғашқы екі партияны жеңгенімен, жалпы есепте 2:4 есебімен қарсыласына есе жіберген болатын.

Бұл жеңіс Кириллді Ислам ойындарының екі дүркін чемпионы атандырды. Бұған дейін ол командалық сайыста Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұловпен бірге алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 35 медаль бар: 10 алтын, 12 күміс және 13 қола.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗