«Келешек» жинақтау жүйесіне 35 мыңға жуық салымшы қосылды
28 тамыз, 2025
фото: t.me/ortcom_kz
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұған дейін елімізде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заң қабылданды. Бұл заң студенттерді қолдаудың қосымша шараларын кеңейтуге мүмкіндік берді.
«Заң қабылданғаннан бері, 8 айда 35 мыңға жуық салымшылар «Келешек» жүйесіне тіркелді»,- деді вице-министр.
Сонымен қатар, әкімдіктер, жұмыс берушілер, әртүрлі қорлар биыл да жылдағыдай мемлекеттік гранттардан басқа 5 мыңға жуық грант бөлді.
Сондай-ақ, студенттердің стипендиясының мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайтылды.
Ұқсас жаңалықтар
27 маусым, 2026
Enbek.kz платформасында 5 ай ішінде шамамен 500 мың бос жұмыс орны жарияланды
26 маусым, 2026
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына кімдер қатыса алады
26 маусым, 2026
Жыл басынан бері 70 мыңға жуық қазақстандық субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды
25 маусым, 2026
Елімізде жыл басынан бері 200 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды