2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізде барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған. Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті. Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, былтыр 276,1 мың тонна болса, қазір 277 мың тоннаға жетті.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында елімізде 3,04 млн тонна сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға көп. Ал жұмыртқа өндірісі 7,4%-ға өсіп, 3 659,8 млн данаға жетті.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны да артып келеді. Есепті кезеңде ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%), қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%), жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%), түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті. Құс саны 49,2 млн басты құрап, 100,4%-ды көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты өскені туралы жаздық.