JOLTAP жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда
Астанада жастарды заманауи мамандықтарға баулуға бағытталған JOLTAP жобасы өз нәтижесін көрсетіп келеді. Соның айқын мысалы ретінде жоба қатысушысы Ақниет Дулатты айтуға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Ақниет бұл жоба туралы Threads әлеуметтік желісі арқылы білген.
«Мен SMM бағыты бойынша білім алдым. Негізі бұл сала маған таңсық емес, себебі, бұған дейін мобилограф ретінде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған едім. Ал оқу процесі жеңіл әрі түсінікті өтті», - дейді Ақниет.
Мұнда ол бұрынғы дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, жаңа білім алып, тәжірибе жинаған.
«Жоба маған өте ұнады. Табысым артты, жаңа нәрселер үйрендім, өз-өзіме деген сенімділігім күшейді», – дейді ол.
Бүгінде Ақниет JOLTAP жобасының арқасында кәсіби дамуын жалғастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
«Қазіргі таңда үш жобамен жұмыс істеп жүрмін. Нақты айтқанда, екеуінде - мобилограф, ал біреуінде - SMM маманы ретінде еңбек етіп жүрмін», - дейді кейіпкеріміз.
Оның айтуынша, JOLTAP жобасы – жаңа мамандықты меңгеріп қана қоймай, еңбек нарығында өз орныңды табуға үлкен мүмкіндік беретін тиімді бастамаға айналған.