Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana рейстердің бағытын өзгертті
15 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Air Astana әуе компаниясы ұшақтарының Иран әуе кеңістігінің айналып ұшатынын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық әуе компания жағдайды мұқият бақылауда ұстайтынын жеткізді.
«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады», - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы рейстер кестесі өзгеретіндіктен жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұрайды.
Еске салсақ, кеше еліміздің әуе кеңістігінде екі халықаралық жолаушылар ұшағы соқтығысып қала жаздады.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астананы газдандыру 95%-ға жетті: елордада жекеменшік секторды қосу жұмыстары аяқталуда
3 қыркүйек, 2026
Еліміздің 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
3 қыркүйек, 2026
Мұрат Мансұров: Қазақ тазысы – ұлт қазынасы
2 қыркүйек, 2026
Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады