Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды

Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды
Фото: akorda.kz

I шақырылымдағы Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгінгі Құрылтай отырысының күн тәртібін жариялады.

Одан кейін Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант берді. Рәсім «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес өтті.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес Мемлекет басшысы Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

Құрылтай төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтті. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалды.