Ерлан Ақкенженов: Елімізде су-энергетикалық ресурстар картасы әзірленіп жатыр

Бүгін, 12:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ерлан Ақкенженов: Елімізде су-энергетикалық ресурстар картасы әзірленіп жатыр
Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялау арқылы бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр еліміздің гидроэнергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталғанын атап өтті.

«Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Энергетика министрі көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатқанын айтқан болатын.