Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатыр – министр

Бүгін, 11:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатыр – министр
Фото: primeminister.kz

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту қажеттігі туралы айтқан тапсырмасын ведомство орындауға кіріскенін баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Атап айтқанда, бұл Жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациялау жобалары енгізілетін болады. Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» технологиялар негізіндегі жаңа көмір генерациясының жобаларына ерекше назар аударылады», - деді Ерлан Ақкенженов.

Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімдері өзгермейді және олардың жүзеге асырылуы министрліктің толық бақылауында екені атап өтілді.

Сондай-ақ министрлік осы жылға белгіленген газ генерациясы бойынша жобаларды жүзеге асырудың аяқталуына мониторинг жүргізуде.

Әрбір жоба көмір генерациясын дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан Ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталатын және тіркелетін болады.

Бұдан бөлек, 2026 жыл Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленгенін, осы салада бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру күтілуде.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайда Президент бірқатар өңірде жаңа ЖЭО салуды және газдан қуат өндіруді жеделдетуді тапсырған болатын.