Референдум-2026

Энергетика министрлігінде жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Энергетика министрлігінде жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінде «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында Конституцияда көзделген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, Конституцияның мазмұны мен мәнін тереңірек түсінуге, сондай-ақ оның қағидаттарын күнделікті қызметте тиімді басшылыққа алуға ықпал етеді.

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Оның қағидаттарын жүзеге асыру – әрбір азаматтың және мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті.