Енді Астана – Павлодар арасында рейстік автобус жүреді

Енді Астана – Павлодар арасында рейстік автобус жүреді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана мен Павлодар арасында жолаушылар небәрі 4 мың теңге төлеп жете алады. Жолда аялдамалар қарастырылмаған. Бұл туралы өңірлік жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Павлодарлықтар енді елордаға автобуспен де қатынай алады. Жолақы ересектерге 4000 теңге, балаларға 2000 теңге. Бұл баға таксимен салыстырғанда 2,5 есе арзан.

«Автобус күнделікті таңертең сағат 7.00-де Павлодар қаласынан шығады. Ал Астана қаласынан кері сапарды сағат 16.00-де жасайды. Жолаушыларды Yutong автобусы тұрақты түрде тасымалдайды. Көлікке 49 жолаушы сыяды, - деді өңірлік басқармадан.

Осы бағыттағы автобус рейсіне «№1 автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Астананың көше-жол желісі өткен жылы қалай өзгергенін жазған едік.