Елорданың «Байқоңыр» ауданында жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді

Бүгін, 10:44
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елорданың «Байқоңыр» ауданында жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді
Фото: Айжан Құсайынова

Елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан №83 референдум учаскесінде 18 жастағы Ален есімді жас сайлаушы өмірінде алғаш рет дауыс берді. Алғаш рет дауыс берген жасқа учаске тарапынан арнайы сыйлық табысталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ален жаңа Ата заңның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Өмірімде алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Жаңа Ата заң еліміздің болашағы үшін қызмет етеді деп ойлаймын. Ел болашағы үшін дауыс бердім деп айта аламын. Сыйлық алдым, рахмет», – деді ол.

Учаскеге келген тұрғындардың қатарында аға буын өкілдері де бар. Солардың бірі – Мәрзия апа жаңа Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.

«Конституцияның жаңарғанын дұрыс деп есептеймін. Онда жастарға, еріктілерге, медицина, әлеуметтік сала мен ғылымға көңіл бөлінген. Жаңа Конституция жобасын оқып шықтым, көңілімнен шықты», – деді ол.