Референдум-2026

Елорданың «Алматы» ауданы прокуратурасы «Орбис» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді

Елорданың «Алматы» ауданы прокуратурасы «Орбис» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді
Фото: Астана прокуратурасы

Астанада «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қаланың «Алматы» ауданы прокуратурасы «Орбис» ЖШС еңбек ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, еңбек заңнамасын сақтау, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды. 
40-тан астам қызметкерге негізгі еңбек құқықтары мен міндеттері, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды. Азаматтарды интернет пен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту қауіптері, сондай-ақ есірткі таратуға қатысудың қылмыстық-құқықтық салдары түсіндірілді.

Бұдан бөлек, интернет-алаяқтықтың алдын алуға назар аударылды. Қызметкерлерге дербес және банктік деректерді қорғау, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттілігі ескертілді.

Елорданың «Алматы» ауданы прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға, еңбек қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сақтық танытуға және қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын бірлесіп қалыптастыруға шақырады.