Елордалық жас хоккейшілер Қазақстан чемпионатында топ жарды
Астанада 2013 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының маусымы аяқталды. Елорда хоккейшілері турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Плей-офф кезеңіне Өскемен мен Астана командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша «Астана» командасы қарсыластарына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Күміс жүлде Өскеменнің «Торпедо» командасына бұйырды. Ал қола жүлдені «Барыс» 2013-1 командасы иеленді.
Осылайша, Владимир Матюхин мен Игорь Боровиков жаттықтыратын «Астана» командасы 2025-2026 жылғы маусымның жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, команда ойыншылары Астана қаласы әкімдігінің №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып саналады.