17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық сурдо балуандар Жапонияда екі медаль жеңіп алды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық сурдо балуандар Жапонияда екі медаль жеңіп алды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында сурдо дзюдодан жарыстар басталды. Айтулы додада екі астаналық спортшы сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына қос бірдей медаль салды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

70 кг салмақ дәрежесінде елордалық спортшы Әмина Файзуллина финалда украиналық Марина Похореловамен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Бұл – 18 жастағы Әминаның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарқын жеңісі.

Ал +100 кг аса ауыр салмақ санатында өнер көрсеткен астаналық спортшы Сабыржан Хапизов украиналық Володимир Маклаковты ұтып, Сурдлимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері атанды.

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие – Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ойындарға 81 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша сынға түсуде.

Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы жарыстарға 78 спортшымен қатысып, 8 спорт түрінде ел намысын қорғауда. Олардың қатарында Астана қаласынан 5 спортшы бар, және олар 4 түрлі спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗