Елордалық коалиция өкілдері Конституция жобасының білім саласына қатысты нормаларын түсіндірді

Елордалық коалиция өкілдері Конституция жобасының білім саласына қатысты нормаларын түсіндірді
Фото: А.Нұрланұлының жеке парақшасы

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалының өкілдері елордадағы №34 жалпы орта білім беретін мектептің еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы мектеп директоры Аманкелді Нұрланұлы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының өкілдері елордадағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектепте жаңа Ата заңның білім беру саласына қатысты негізгі нормаларын түсіндіріп, олардың маңызына тоқталды.

Кездесу барысында AMANAT партиясының мүшесі Әлішер Жұмаділдин мен «Ауыл» партиясының мүшесі Ұлан Әбдіханов Конституциялық тұрақтылық, мұғалім мамандығының қорғалуы және білім беру жүйесіндегі бірыңғай стандарттардың рөлін кеңінен сөз етті.

Жаңа Конституция жобасында бастауыш және орта білімнің міндеттілігі бекітіліп, оны мемлекеттік оқу орындарында алуға кепілдік беріледі. Бұл педагогикалық еңбекке тұрақты әрі ұзақ мерзімді сұранысты қамтамасыз етіп, мұғалім мәртебесін күшейтеді.