Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімшілігі

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында әйелдер күресінен 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен елордалық балуан Гүлмарал Еркебаева үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз Болгария өкілі Ванеса Георгиеваны 6:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Эльмира Ясинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші сатыға Үндістан құрамасы жайғасса, АҚШ үздіктер үштігін түйіндеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында топ жарғаны туралы жаздық.