Елордалық ерекше отбасының түйткілді мәселесін шешуге қолдау көрсеткен сенаторға алғыс айтты
Елорда тұрғыны Нұржан Көжеков алаяқтардың құрбаны болған ата-анасының мәселесін шешуге атсалысқан барлық жанға алғыс айтып, қазір отбасында банк алдындағы міндеттемелер мәселесі шешімін тапқанын жеткізді. Парламентте көтерілген отбасының мәселесі жөнінде ол жеке парақшасында толық жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Нұржан Көжеков жазбасында ата-анасының ерекше жандар екенін жеткізді.
«Мен қарапайым деп айтуға болатын, бірақ шын мәнінде ерекше отбасынан шыққанмын. Ата-анам абсолютті тыныштық әлемінде өмір сүреді: олар естімейді, сөйлемейді. Бұл тыныштық оларды ұзақ уақыт жүйеге көрінбейтін етті, бірақ бүгін мен олардың әңгімесінің қаттырақ естілгенін қалаймын», - деді ол.
Оқиға 2020 жылы болған. Отбасының тұрғын үйге салған 5 миллион теңгесін құрылыс салушы иемденіп қашып кеткен.
«Жағдайды түзетуге тырысып, ата-анам несиеге алған көлігін сатты, алайда алаяқтықтардың құрбаны болып, көлік те ұрланды. Салдарынан не жылжымайтын мүлік жоқ, банк шоттары бұғатталған, бірақ қарыз бізде қалды. Біз жоқ мүлік үшін 4 миллион теңгеден астам несие төледік. Бұл әділетсіздікке шыдауға болмайтын кез еді», – деп жазды Нұржан Көжеков.
Ол ерте есейген, себебі оларды естімейтін айнала мен ата-анасының арасында көпір болуға тырысқан.
«Біз цифрлық кедергіге тап болдық, өйткені жасанды интеллект көмекшілері мен байланыс орталықтары сөйлей алмайтындар үшін пайдасыз. Жылдар бойы сот шешімдері тек қағаз жүзінде қалды, себебі мемлекеттік органдар ресми жауаптар жолын таңдады.
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың жеке араласуының арқасында жағдай өзгерді. Сенатор ісімізді Парламент аренасына шығарып, жеке мәселемізді мемлекет үшін маңызды мәселеге айналдырды», - деді Нұржан Көжеков.
Ол қазіргі нәтиже және жаңа қиындықтар пайда болғанын атап өтті.
«Халыққа құлақ түретін мемлекет» қағидатының, Kaspi банк басшылығының және Бибігүл Нұрғалиқызының жеке бақылауының арқасында несие мәселесі шешілді. Бұл үлкен жеңіс, мен ол үшін алғыс білдіремін.
Дегенмен, әділеттілік жартылай нәтижемен қалмауы тиіс. Жылдар бойы «борышкердің активтерінің болмауына байланысты» қайтарылған атқару өндірісі шешілмеген күйінде қалып отыр. Біз сот шешімдері қағаз жүзінде қалмайтынына және бұл жағдай да оңтайлы және заңды заңды түрде шешілетініне сенеміз», - деді Нұржан Көжеков.
Ол отбасының дауысына айналғаны үшін Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбайға шын жүректен алғыс айтты.
«Сіздің мейірімділігіңіз адамдардың заңға деген сенімін қалпына келтіреді. Қолдау көрсеткен барлық жанға рақмет айтамын!», - деді ол.
Еске сала кетсек, Бибігүл Жексенбай Сенатта мүгедектігі бар адамдар отбасының алаяқтардан қорғану мүмкіндігінің аздығы мен жекелеген мемлекеттік органдардың енжар көзқарасы туралы депутаттық сауал жолдаған еді.