Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жәрмеңке 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында ұйымдастырылады», делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл – жастар үшін жұмыс табуға, жұмыс берушімен әңгімелесуден өту және қаланың жетекші компанияларымен танысуға мүмкіндік.
Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер және карьералық кеңестер ұйымдастырылады.
Еске салсақ, Астанада 11 және 12 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.