Елордада Қорғалжын тас жолының бойындағы екі аялдамаға қоғамдық көлік тоқтамайды

Елордада Қорғалжын тас жолының бойындағы екі аялдамаға қоғамдық көлік тоқтамайды
Фото: City Transportation Systems

Астанадағы Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан екі аялдамаға қоғамдық көлік тоқтамайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz жолаушы тасымалымен айналысатын City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Тазарту құрылыстары», «Кәріздік тазарту құрылыстары» аялдамаларына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып, түсірмейді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Н.Тілендиев даңғылында жөндеу жұмысына байланысты 15 қыркүйегіне дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі.