10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада қар күреу жұмысы қалай жүріп жатыр

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада қар күреу жұмысы қалай жүріп жатыр

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі

Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, жиналған ондаған мың текше метр қарды арнайы полигондарға шығарып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

9 қараша күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер 1 633 рейс жасап, 20 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға жеткізді.

10 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 415 жол жұмысшысы мен 1 143 арнайы техника жұмылдырылмақ.

Қысқы мезгілі басталғалы бері елордадан 110 мың текше метрден астам, яғни 8 917 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалыс орындары – аулалар, алаңдар, жаяу жүргіншілер жолдары және аялдамалар тазартылды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗