Елордада пробация қызметі есебінде тұрғандар азаматтарға экскурсия өткізілді

Елордада пробация қызметі есебінде тұрғандар азаматтарға экскурсия өткізілді
Фото: видеодан скрин/prokuratura.ast

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы «Алматы» ауданы әкімдігімен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық сананы нығайтуға, есепте тұрған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен қайта әлеуметтенуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Экскурсия барысында қатысушылар мемлекеттің тарихымен, қазақ халқының мәдени және рухани мұрасымен, елдің көрнекті тарихи оқиғалары мен жетістіктерімен танысты. Азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, заңға құрметті және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар дүниетанымды кеңейтуге, оң өмірлік бағдарларды қалыптастыруға және заңға бағынатын өмір салтына ынталандыруға ықпал етеді.

Астана қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды табысты қайта әлеуметтендіруге, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыра береді.

Еске сала кетейік, Астанада есірткіге қарсы айлық аясында спартакиада өтті.