Елордада PGL Astana 2026 турнирінің екінші ойын күні өтіп жатыр

Бүгін, 15:45
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада PGL Astana 2026 турнирінің екінші ойын күні өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы Barys Arena кешенінде Counter-Strike 2 бойынша өтіп жатқан PGL Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ауқымды жарысқа жанкүйерлердің қызығушылығы әлі де жоғары.

Бүгін көрермен алдында турнирдің келесі кезеңіне жолдама беретін шешуші матчтар өтеді. Ойын күнінің алғашқы кездесуі сағат 15:00-де басталса, кешкі матч 19:00-де өтеді. Аренада чемпиондық атақ үшін күресіп жатқан Team Spirit, MOUZ, Falcons және MAGIC командалары өнер көрсетіп жатыр.

Көрермендердің айтуынша, турнирдің екінші күні тіпті әсерлі өтіп жатыр – жанкүйерлер командаларды белсенді қолдап, матч барысында трибуналар бір сәтке де тыншымайды.

«Астанада осындай ірі киберспорт турнирлерінің өтіп жатқаны қуантады. Көрермен көп, бәрі командаларға белсенді қолдау білдіріп жатыр.
Атмосфера шынымен керемет», – деді турнир қонақтарының бірі.

Осындай деңгейдегі халықаралық іс-шараларды өткізу Астананың әлемдік ауқымда заманауи ірі алаң ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етеді. PGL Astana 2026 турнирі 17 мамыр күні де жалғасады. Көрермен алдында халықаралық жарыстың жеңімпазы анықталатын шешуші матч өтеді.

Еске салайық, бұдан бұрын PGL Astana 2026 турнирінің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалағаны туралы жаздық.