Елордада екі көшеде жолдың жоғарғы қабаты төселіп жатыр
Астанада Кенесары көшесі мен Абай даңғылында жол төсемі төселіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Кенесары көшесінің Ш.Уәлиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабат төселіп жатыр. Осыған байланысты, 24 пен 26 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Абай даңғылының Ш.Уәлиханова көшесінен Ә.Сембинов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабаты ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты 24-27 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Осы көшелерде жүретін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер маршрутын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі тиіс.
Еске сала кетсек, Астанада бірқатар автобус бағдарының жүру бағыты өзгерді.