Елордада кеміргіштерге қарсы күрес екі маусымда өтеді

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада кеміргіштерге қарсы күрес екі маусымда өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада кеміргіштерге қарсы күрес биыл екі маусымда – көктемде және күзде жүргізіледі. Көктемгі дератизациялық жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жабық станцияларда дератизация жұмысы толық аяқталып, 28 мың жеке тұрғын үй өңделген. Ашық аумақтардағы жұмыстар 1-15 мамыр аралығында 8 мың гектар аумақта жүргізіледі.

Өңдеуге жеке сектор (тұрғын алаптар) және ашық аумақтар (саябақтар, өзен арнасы, су айдындары, каналдар, зираттар) жатады.

Жеке сектор тұрғындарына уланған жемдер тегін таратылып, сол жерде қауіпсіздік бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Дератизация Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген препараттарды қамтитын дәнді уланған жемдер арқылы жүзеге асырылады.

Мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет.

Еске сала кетейік, Астанада Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы жартылай жабылды.