Елордада ерікті әжелер көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты
Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Йога үйірмесіне қатысатын белсенді әжелер әр бейсенбі сайын қайырымдылық шараларын өткізіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуде.
Бүгін Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің спорт нұсқаушысы Эльвира Шамсутдинованың жетекшілігімен зейнеткерлер азық-түлік себеттерін дайындады. Қайырымдылық себеттеріне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынды.
Ерікті әжелер елорданың шеткері аймағында орналасқан Лесозавод шағын ауданының тұрғындарына, әсіресе көпбалалы және жалғызбасты аналарға, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын отбасыларға көмек көрсетті.
Әлеуметтік қиындыққа тап болған отбасылар волонтер әжелерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Еске салсақ, Астанада зейнеткерлер мен жастар арасында шахмат турнирі өтті.