Елордада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды - ВИДЕО

Бүгін, 12:51
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды - ВИДЕО
Фото: City Transportation Systems

Жаңа оқу жылы қарсаңында елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол апаттарын алдын алуға және қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері автобус парктері мен балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарды тексеріп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына, көлік құралдарының техникалық жағдайына және қажетті құжаттардың болуына назар аударды.

«Іс-шараның алғашқы күнінде Сәтбаев көшесінде полиция қызметкерлері Toyota Hiace автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен жүргізушіге 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік коммуналдық мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады және қоғамдық көлік жүргізушілерін жолаушыларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Еске салсақ, елордада тазалық пен тәртіпке бағытталған профилактикалық рейд өтті.